Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы 2010 жылдың 1 маусымы күні 9.00-ден – 13.00-ге дейін Балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күнін өткізеді.
Педиатр, невропатолог, кардиоревматолог, гематолог, бала хирургы, бала урологы, бала проктологы, нефролог, гастроэнтеролог, неонатолог, аллерголог, пульмонолог, окулист жетекші мамандарының консультациясыжәне инструментальдық зерттеулер (ЭКГ, УЗИ, ЭхоКГ, УЗДГ, РЭГ, ЭЭГ) тегін жүргізіледі.
Мекен-жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 146. Анықтама телефоны: (727) 299-26-87 Автобустар: 63, 86, 136, 127 («Алатау» совхозы аялдамасы).
Түркі Әлемі Педиатрларының «Педиатрия және бала хирургиясының өзекті мәселелері» Х Халықаралық Конгресі
Тыңдаңыздар!!!
Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы №14 бұйрығына сәйкес 2010 жылдың 16-17 қыркүйегінде Астана қаласындаТүркі Әлемі Педиатрларының «Педиатрия және бала хирургиясының өзекті мәселелері» Х Халықаралық Конгресін өткізеді.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Түркі тілді Әлем елдерінің Ұлттық Педиатрлар қоғамының Одағы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, Қазақстан «Педиатрлар одағы» қоғамдық бірлестігі
Конгрестің негізгі сұрақтары: 1. Педиатрияның жалпы мәселелері (барлық ағза мен жүйелердің аурулары, балалардың жұқпалы аурулары, бала эндокринологиясы, гематологиясы, онкологиясының мәселелері). 2. Неонатология. 3. Жаңа туған нәрестелер хирургиясы.
Конгресс үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конгресс бағдарламасы төрт тілде қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жасалады. Конгресс материалдары жинағы шығарылады.
«Ана мен баланың денсаулығын қорғау – Қазақстан халқының денсаулығын арттырудағы басымды проблемасы» атты І Ұлттық форумы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс жоспарына және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 26-ақпандағы №102 «2009 жылғы ғылыми-практикалық конференциялар тізімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2009 жылдың 22-23 қазанында Алматы қаласында «Ана мен баланың денсаулығын қорғау – Қазақстан халқының денсаулығын арттырудағы басымды проблемасы» атты І Ұлттық форумын өткізу белгіленген (әрі қарай – Форум).
Қонақ үйде тұру үшін орын сақтап қоюға байланысты Форумға қатысушылардыңтізімін 30 тамызға дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Ақпараттарды факспен немесе электронды түрде жіберуге болады.
050040, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 146, ҚР ДСМ Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, Телефон/факс: 8 (327) 299-23-11, 8 (727) 299-13-92, Директордың қабылдау бөлімі: 299-21-21, E-mail: omd@pediatr.kz, pediatr@pediatr.kz